(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ 2015.28.04...

Осы редакция 2015 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 495 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік

қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызмет облыстардың жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілген сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;

2) рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты - 20 (жиырма) минут;

3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

7. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңңамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.